дін жас қыз
Көрнекі сурет ©islam.ru

ҚМДБ соңғы екі жылдың ішінде мешіттерде жұмыс істейтін қызметкерлерді аттестациядан өткізді. Сынақ тапсырған 3,5 мыңнан астам имамның 300-і біліктілігін дәлелдей алмаған.

«Бізде имамдар тапшы екені жасырын емес. Осы түйіткілді шешу үшін мемлекет «Нұр-Мүбәрак» университетіне көбірек грант бөліп отыр. Мысалы, былтыр 150 болса, биыл 190 грант қарастырылды. Жыл сайын университет 200-дей маман дайындайды. Шетелде магистратурада оқуға мүмкіндік бар. Бірақ ҚМДБ мектепті енді бітірген жастарды шетелге діни білім алуға жібермейді. Ең алдымен дәстүрлі рухани құндылықтар мен дәстүрлі діни танымды олардың бойына сіңірген абзал», – дейдi Ғалым Шойкин.

Дей тұрғанмен, өздері сыртқа оқуға кетіп, сенімсіз оқу орындарында білім алып жатқан жастар бар. Қазіргі уақытта шетелде 300 азамат оқып жатыр, оның 100-iн Діни басқарма жіберсе, ал қалғаны өз бетінше діни білім іздеп кеткендер.

«Екі жыл бұрын осындай жастардың саны 600-дей болатын. Ертең олардың дипломы Қазақстанда жарамсыз болып қалады да, жұмыс таба алмайды. Қазіргі уақытта оларды елге қайтару үшін осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – дейдi комитет төрағасы.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!