Алматыда «Арқа ауырған кездегі секс» аталатын кітап таныстырылды. Авторлары — невролог, медицина ғылымдарының докторы, И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының профессоры Алексей Данилов пен сексолог, медицина ғылымдарының докторы, тантра-йога бойынша тәжірибелі бапкер Юрий Прокопенко.
«Химфарм» АҚ PR-қызметінің хабарлауынша, медицинаға қатысты бұл жаңа еңбек — арқаның құрысын жазу әдістеріне арналған кітап әрі жыныстық қатынастың арқаны аурудан сақтаудағы ролі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық.
Кітап авторларының айтуынша, арқаның ауруы — әрқайсымыздың өмірімізде жиі кездесетін құбылыс, бірақ ол біздің ләззат алу еркіндігімізді шектемеуге тиіс. Қазіргі заманғы медицина мен фармацевтика бұл ауруды емдеудің көп тәсілін ұсынып отыр. Бұл туралы профессор Алексей Данилов осы аптада Алматы мен Нұр-Сұлтандағы невролог-дәрігерлерге, терапевтерге, жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге әңгімелеп береді.