21 тамызда еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Павлодар облысында тұман түседі.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысында дала өрті қаупі күшейеді.