Басты бетЖаңалықтарҚазақстан цифрландыруда...

Қазақстан цифрландыруда неміс бизнесімен ынтымақтасады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономика және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан Президенті мен Клаус Мангольд әлем экономикасының дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңызына назар аударды.

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.