Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Ермұхамет Ертісбаевты қызметінен босатты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ермұхамет Ертісбаевты Қазақстанның Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатты.

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД жарғы органдары жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды, — делінген құжатта.

Ермұхамет Ертісбаев бұл қызметті 2017 жылдың 24 қарашасынан бері атқарып келген еді. Оның орнына ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған Асқар Бейсенбаев тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД жарғы органдары жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.