Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады.
Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда Қазақстан Президенті 11-12 қыркүйек күндері Қытайға сапар шегеді.
Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңызын айтып, елшіге нақты тапсырмалар берді.