Қазақстанның көп бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамы бойынша республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысыңда және орталығында Мурманск ауданынан келген солтүстік-батыс циклонының әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, шаң борайды, солтүстіктің кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысында да шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 23 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысында 25 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Алматы (42 градус), Жамбыл (40 градус), Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.