Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкіміне тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.

Президент қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сонымен бірге «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін айтты, — деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мен шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.