Жоғалған малды табуға көмектесетін құрылғы қалай жұмыс істейді?
Күн ұзақта емін-еркін жайылған малын кешке қарай іздеп табу — фермер үшін машақат. Кейде малы қолды болады, барымталанады. Дәл осы мәселе күні бүгінге дейін шешілмей келген еді. Жақында Lives’Talk корей стартапы мен Samsung C-Lab инженерлері тиімді шешім ұсынып, инновациялық құрылғы жасап шықты. Бұл туралы материал Baribar.kz порталында 23 шілде күні жарық көрді, бүгінге дейін 7332 рет оқылған.
Астыртын ләззаттың қаупі бар ма? Маман мастурбация туралы айтты
Интим:16+ айдарында бұған дейін жыныс мүшесіне көңілі толмайтын ерлер туралы, эрекция мен эякуляцияның бұзылуы және ерлер бедеулігі жайлы айтылды. Бұл жолы маман онанизм жөнінде түсіндірді.
Редакция ұжымы порталдың «Сұрақ-жауап» бөліміндегі мастурбация, онанизм туралы контенттің ұзақ әрі жиі қаралатынын байқады. Сайт қолданушылары мастурбацияның қандай зияны барын, мұндай әдеттен қалай құтылуға болатынын сұрайды. Уролог Дархан Қуатбековпен осы тақырыпта әңгімелестік. Материал 10 шілдеде жарияланды, бүгінге дейін 6781 рет оқылған.
Түрмеде жазылған әйгілі 7 кітап
Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі, қызмет өкілетін асыра пайдаланды деп айыпталған Эльмира Суханбердиева тұтқында өткізген 34 күнінде кітап жазып тастағаны туралы айтып, ақпараттық кеңістіктің шулатты да қойды. 10 шілдеде «6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс» деп үкімі оқылған экс-шенеунік «Кітабым жақында шығады. Атауы — «Түрме вице-министрдің көзімен»… Жариялағысы келетін баспалар қазірден қызығушылық танытып, хабарласып жатыр», — деді.
PR-маман, аудармашы Дінмұхамед Зиядин арғы-бергі тарихтағы түрмеде жазылған атақты шығармаларға шолу жасап, оқырман назарына ұсынды. Материал 15 маусымда жарық көрді, бүгінге дейін 5496 рет оқылған.
«Жеңілмеу керек»: Google Назерке Қалидолданы қалай жұмысқа алды?
Назерке Қалидолда — Google компаниясының Париждегі штаб-пәтерінің программисі. Google корпорациясы Қазақстан программисін қалай жұмысқа қабылдады? Ақпаратты өңдеу, веб-қосымшалар, сервистер мен технологияларды өндіру жөнінен алпауыт брендке қалай қызмет етуге болады? IT саласындағы гендер туралы не білеміз? Назарбаев Университетінің түлегі осы және басқа да сауалдарға жауап берді. Назым Сапарованың материалы 9 шілде күні жарық көрді, бүгінге дейін 4623 рет оқылған.
Музей-үйге сапар. Дінмұхамед Қонаевтан қандай дүние-мүлік қалды?
Ол – дүние-мүлік жинамаған, меншігінде көлігі де болмаған қарапайым басшы. Леонид Брежнев Алматыға алғаш келгенінде Дінмұхамед Қонаевтың үйіне тоқтайды. Пәтерін ары-бері аралап: “Бар дүниең осы ма?”- деп таңданыпты. Бұл сөзді Алматы төрінде тұрған музей-үйдің қонағы да айтар еді. Дегенмен Дінмұхамед Қонаевтың үйіндегі әр зат оның қандай басшы, қандай отағасы болғанынан сыр шертеді. Материал 26 маусымда жарық көрді, бүгінге дейін 4636 рет оқылған.
Самокат пен велосипедті сақтандырғаннан не ұтамыз?
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылы қалада велосипедшілер мен самокатшылардың қатысуымен 114 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 12 адам жарақат алып, екі адам қаза тапқан. Ал 2019 жылдың бірінші тоқсанында сегіз оқиға болған, сегіз адам жарақат алған. Бұл статистика велосипедші мен самокатшыны сақтандыру мәселесінің өзекті болып тұрғанын көрсетеді. Самокат пен велосипедті сақтандыру туралы материал 11 шілдеде жарияланды, 4133 рет оқылған.
Жаңа туған баланың құжатын SMS арқылы қалай рәсімдеуге болады?
Жас босанған ананың әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп жүруге жағдайы, уақыты бола бермеуі мүмкін. Мұндай кезде мобайл қызметті пайдаланған тиімді. SMS арқылы тек босанғаннан кейін төленетін жәрдемақыны рәсімдеп қоймай, баланың дүниеге келгенін тіркеуге арыздануға және оны балабақша кезегіне қоюға да болады. Бұл туралы материал 29 шілдеде жарияланды, 4322 рет оқылған.
Қызылиектің қанауын қалай тоқтатуға болады?
Медицинада қызылиектің жиі қанауын қалай түсіндіреді? Бұл ағзадағы басқа аурулармен байланысты ма? Қызылиектің қанауын тоқтату үшін тұзбен немесе ас содасымен шаятындар бар. Бұл дұрыс па? Ауыз шаюға арналған сұйықтардың пайдасы бар ма? Қызылиек қанамауы үшін қалай күтіну қажет? Тіс пастасының құрамы қандай болуы керек? Бұл сұрақтардың жауабын 26 шілде жарық көрген материалдан табасыз. Мақала бүгінге дейін 3094 рет оқылды.
Журналист қандай ақпаратқа жол бермеуі керек?
Алматыда «Журналистердің медиаэтика бойынша кәсіби білігін арттыру» тренингі кезінде журналист, «Жас Өркен» ЖСШ бас директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Жұлдыз Әбділда ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі этика талаптарының сақталмауы туралы айтты. Оның тұжырымдарын Baribar.kz қаз-қалпында ұсынды. 3 шілдеде жарық көрген материал бүгінге дейін 3067 рет оқылған.
Құрметті оқырман! Алдағы уақытта Baribar.kz порталынан қандай тақырыптарды оқығыңыз келеді? Сайтқа қатысты ұсыныс, алып-қосар ойыңыз бар ма? Онда әлеуметтік желідегі парақшаларымызға немесе [email protected] электрон поштасына жазыңыз.
(Иллюстрация: Dribbble.com ©Tanner Wayment)