Ерлан Нысанбаев жаңа ведомствоға вице-министр болды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нысанбаев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1983 жылы орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 2008 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы орман шаруашылығы шебері болып бастаған. Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2009-2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

2013 жылғы ақпанда Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалды, 2014 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.