Басты бетЖаңалықтарҚырғызстанмен арадағы...

Қырғызстанмен арадағы тауар айналымы бір жылда 11% азайды

Ranking.kz талдаушыларының хабарлауынша, Қазақстанның Қырғызстанға экспорты 16,6% қысқарып, 217,5 миллион доллар болды. Ал Қырғызстаннан Қазақстанға келген импорт 6,3% өсіп, 100,8 миллион доллар болды.

Қазақстан биылғы 5 айда Қырғызстанға негізінен мал және өсімдік өнімдері мен минералдарды жөнелткен. Елімізге Қырғызстаннан келген импорттың 50,6%-і — минерал өнімдері, 16%-і — мал және өсімдік өнімдері.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экспорт пен импорттың тауар топтары бойынша құрылымы
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экспорт пен импорттың тауар топтары бойынша құрылымы. Инфографика: Ranking.kz

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері 2020 жылға қарай өзара тиімді сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізгелі отыр. Бұл туралы жуырда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Қырғызстанға жасаған ресми сапары барысында айтылды. Екі ел сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақты өнеркәсіп кооперациясы, су-энергетика, шекарадағы өзара әрекет, цифрландыру мен ғарыш бағыттары бойынша дамытуға мүдделі болып отыр.