Қатысушыларға мәреге жету үшін 5 шақырымдық «джунглиден» өту керек. Дәстүр бойынша басынан аяғына дейін жүгірушілерге жарқын әрі экологиялық таза бояулар шашылады. «ЯРКОкросста» таймер жоқ, сондықтан қатысушылар ыңғайлы ырғақпен жүгіре, секіре немесе асықпай серуендей алады.

Жарыстың басталуы сағат 10.00-де. Марафон аяқталғаннан кейін қатысушылар фуд-корт аумағында тамақтанып, жасыл релакс аймағының көлеңкесінде тынығады, TURAN табиғи суының көмегімен су-тұз балансын қалпына келтіре алады. Сонымен бірге DJ ойнатқан музыкаға би билеп, серіктес ойын-сауық аймақтарында көңіл көтеруге мүмкіндік бар. Жоспарланған ойын-сауық шаралары арасында арт-аймақ, сыйлық ойнатылатын футбол дартсы, «Maxi Чай» жарнама аймағының сәттілік рулеткасы бар.

Ересек адамдарға онлайн төлем жасау кезінде қатысу құны — 18 шілдеге дейін 5000 теңге, балаларға (3-7 жас) — 3500 теңге. Ересектерге арналған билет құнына футболка, рюкзак, қатысушы нөмірі және мәреге жеткенде тапсырылатын медаль кіреді. Онлайн тіркелу 18 шілде күні сағат 23.59-да аяқталады. 19-20 шілде күндері тіркелуіз қатысу құны — балаларға 4500 және ересектерге 6000 теңге. Бұл жағдайда қатысушы жиынтығын «ЯРКОкросс» ақпарат орталығынан алу керек. Балалар жиынтығында футболка жоқ, бірақ оны қатысушыларға жиынтықтарды тапсыру кезінде сатып алуға болады. Үш жасқа дейінгі балалар арнайы жиынтықсыз тегін қатыса алады. Билеттерді сілтеме бойынша сатып алуға болады.

Тіркелген қатысушыларға арналған жиынтықтар 19 шілдеде 11.00-ден 22.00-ге дейін Астана Триатлон паркі кешенінде таратылады.

«ЯРКОкросс» 7 жыл ішінде 250 адам қатысқан бірінші шағын жарыстан 17 мың жүгірушіні жинаған жарқын республикалық қозғалысқа айналды. Осы уақыт ішінде фестиваль Қазақстанның 7 қаласында өткізілді және оларға барлығы 30 мың адам қатысты. Фестивальді қолдаушылар қатары артып келе жатқанына қуаныштымыз. 2019 жылы біз Алматы мен Қарағандыда өткіздік. Нұр-Сұлтаннан кейін Көкшетау мен Шымкентте жазғы жарыстарды жоспарлап отырмыз. Біз осы қала тұрғындары мен қонақтарын жарысқа қатысуға шақырамыз, ұмытылмас қуанышқа бөленіп, «ЯРКОкросс» қайырымдылық миссиясына үлес қосыңыздар, — дейді жобаның бас үйлестірушісі Александра Комлева.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жиналған қаражат ағаш отырғызуға және спорт алаңдарын орнатуға жіберіледі. Жоба тобы мен еріктілер бүкіл ел бойынша 1150 ағаш отырғызды. Былтыр фестивальден түскен қаражат «Аутизм победим» қауымдастығының баскетбол және волейбол алаңдарын жабдықтауға бөлінді.

"Яркокросс"
Фото: Фестивальді ұйымдастырушылар

«Посади дерево» қоры — «ЯРКОкросс» фестивалінің негізгі ұйымдастырушысы. Шараға Нұр-Сұлтан әкімдігі мен TURAN табиғи минералды суымен бірге Asia Waters компаниясы, «Maxi Чай» брендімен «Галанз Ботлерз» компаниясы қолдау көрсетті.

Фестивальдің ақпарат серіктестері: Baribar.kz, «Жетінші арна», Kinopark Theatres, WeProject, Astana Radiosy.

20 шілдеге арналған фестиваль кестесі:
• 09.00 — Орталық саябақта жарнама аймақтары жұмысын бастайды;
• 09.45 — Африка барабандарының сүйемелімен қарсы алу және жаттығулар;
• 10.00 — Жарыстың және джунгли тақырыбындағы ойын-сауық бағдарламаның басталуы;
• 12.30 — Барлық қатысушының мәреге жетуі;
• 12.40 — Музыканттардың өнері;
• 13.00 — «ЯРКОбұлт»;
• 13.10 — Концерт бағдарламасы, DJ музыкасы.