Жан құпиялары: Архетип. Невроз. Либидо

Тайны души: Архетип. Невроз. Либидо.
Фото: Psychojournal.ru

ХІХ-ХХ ғасырлардағы психоанализ, психиатрия және гипноз туралы 18 сериялы деректі цикл. Сериалдан Зигмунд Фрейдтің тұлғаның дамуы, Чезаре Ломброзоның сырт келбет теориялары, Жан-Мартен Шарконың гипнозы, Карл Юнгтің зерттеу әдісі, Альфред Адлердің адам комлексіне қатысты эсперименттері туралы білуге болады.

Ми. Сана құпиялары — The Brain. A Secret History

Мозг. Тайны сознания
Фото: Dokonlin.ru

ВВС телеарнасының ми жұмысы мен құпиясы туралы 3 сериялы  деректі циклі. Сериал белгілі бір әрекет кезіндегі сананың жұмысы, ойды бақылау мен басқару туралы эксперименттерден тұрады.

1-серия  — Сананы басқару / Mind Control
2-серия — Эмоция / Emotions
3-серия — Бұзылған ми / Broken Brains

Өнердің күші — Simon Schama’s Power of Art

Сила искусства
Фото: kinopoisk.ru

Ағылшын өнертанушысы Саймон Шаманың суретшілер туралы 8 сериялы деректі бағдарламасы. Автор Караваджоның жұмыстары, Рембрандттың құпия суреттері, Пикассоның қолтаңбасы, Ван Гогтың ашық бояулары туралы тартымды деректер жайлы баяндайды.

Морган Фрименмен бірге кеңістік пен уақыт арқылы — Through the Wormhole

Морган Фримен
Фото: film.ru

Discovery телеарнасы шығарған ғылыми-танымдық бағдарлама. Морган Фримен сериалда ғылымның қиын сұрақтарына факт пен теория арқылы жауап іздейді. Сонымен қатар астробиология, квант механикасы, астрофизика жаңалықтары туралы әңгімелейді.

Ғаламға Стивен Хокингпен бірге — Into the Universe with Stephen Hawking

Стивен Хокинг
Фото: Lookonline.co

Ғылыми телесериалда Кембридж университетінің профессоры Стивен Хокингтің тұжырымдары Ұлыбританияның театр және кино актеры Бенедикт Камбербэтчтің дауысымен баяндалады. Discovery телеарнасы түсірген бағдарлама үш бөлімнен тұрады.

1-бөлім «Бөгдепланеталық» деп аталады. Мұнда Стивен Хокингтің «адамдар басқа планета мақұлығының өміріне мүлдем араласпауы қажет» деген тұжырымы айтылады.

2-бөлім ғалымның өткенге оралудың мүмкін еместігі теориясы туралы. Бірақ Стивен Хокинг болашақта жаратылыстың заңын бұза отырып, бұрынғы кезеңге қайтып келу әбден мүмкін екенін мүлдем жоққа шығармайды.

3-бөлім көрерменге әлем, жұлдыздар мен адам өмірі туралы қызық мәлімет ұсынады.

Жоғалған әлемдер — Lost Worlds

Затерянные миры
Фото: megogo.net

Ағылшын режиссерлары Клайв Молтби мен Мартин Кемп түсірген деректі сериал. Мұнда Ежелгі Мысыр құпияларынан бастап өткен ғасырдың 50-жылдарындағы жерасты атом бункерлеріне дейін сөз болады. Сценарий авторы — мыңнан астам деректі әрі тарихи шығарма жазған Дэн Оливер. Румыниядағы аңызға айналған Дракула қорғанына саяхат та көрерменді қызықтырмай қоймайды.

Жанкешті дегустаторлар жолға шықты — The Supersizers Go

Отчаянные дегустраторы
Фото: Dokonlin.ru

BBC телеарнасының өнімі. Жазушы әрі мейрамхана сыншысы Джайлз Корен жазушы Сью Перкинспен бірге өткен ғасырларға шолу жасайды. Олар тарихи кезеңге сай костюм киіп, декорациялы сарайға барып тамақтанады. Франция патшайымы Мария-Антуанеттаның, Ежелгі Рим тұрғындарының, орта ғасырлар мен ХХ ғасырдағы асхана мәзірімен танысады.