Қазақстандық балуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

Дәулет Пахлединов финалда эстониялық қарсыласынан ұпай санымен басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

«Ол бұған дейін бірнеше спорттық додаларда жеңіс тұғырынан көрінді. Алдағы уақытта да талай қарсыласын шаң қаптыратынына сенімдімін. Өйткені, ол өте еңбекқор және төзімді. Аталмыш қасиеттер спортта көп нәрсеге қол жеткізуге зор мүмкіндік береді»,  дейді Жамбыл облысының бас бапкері Руслан Мұхамедгалиев.

Дәулет Пахлединов бұған дейін самбодан және қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері және «ІІ Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының» жеңімпазы атанған болатын.

Үрімжіде өткен әлем чемпионатына 28 елден 205 спортшы қатысты. Алтыншы рет өткізіліп отырған байрақты бәсекеде қазақстандық балуандар бес салмақ дәрежесінде сынға түсті. Нәтижесінде бес алтын, бір қолаға қол жеткізді.

ДереккөзҚазАқпарат