Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданын аралады

Бақытжан Сағынтаев Түркісіб ауданын аралап, мәселелерін көріп шықты. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімнің басты назарында «Жас қанат» мөлтекауданында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу, ескі үйлерді сүру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері болды.

Бақытжан Сағынтаев отандық өнімдерді пайдалану бойынша құрылыс компанияларына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Әкім көше бойындағы аймақты абаттандыру, скверді үңгілеу, «Жас қанат» мөлтекауданының аумағын көалдандыру және Баймағамбетов көшесінен жаңа тұрғын үйлерге дейін жол салу мәселесін шешуді тапсырды.

«Жас қанат» мөлтекауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі жеті тұрғын үй, 280 орынды балабақша салынып жатыр. Құрылыс объектілерін осы жылдың қыркүйегінде іске қосу жоспарланған.

Бақытжан Сағынтаев аудан тұрғындарымен кездесіп, ТҮКШ, аулаларды абаттандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтасыз ету бойынша айтылған шағымдар мен ұсыныстарды тыңдады.

Айта кетейік, Түрксіб ауданында 16 ескі үй сүріліп, олардың орнына 803 пәтерлі 39 үй салынған. Бағдарламаны жалғастыру бойынша тағы 28 үй анықталды. 147 аула күрделі жөнделеді. 15 көше жаңарып, 8 шақырым тротуар, 2,6 шақырым арық желісі (2 көше) салынып, ұзындығы 7,8 шақырымға жөндеу жүргізіледі.

Кейін қала әкімі «Алматы-1» теміржол вокзалының жұмысымен танысты. Вокзал қайта жөнделсе, онда тәулігіне 16 мың жолаушыға дейін сыяды. Жһндеу кезінде платформа ұзарады, эскалатор мен лифт орнатылып, жерасты өтпелі жолының, көпдеңгейлі парикнге өтудің көлемі кеңейеді.

Бақытжан Сағынтаев
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Бақытжан Сағынтаев сапар соңында мүмкіндігі шектеулі балалардың «Мейірім» оңалту орталығына барды. Орталық ұжымы мамандардың балаларға көрсететін коррекциялық-дамыту сабақтары, психологиялық-педагогикалық көмектері, емдік денешынықтыру, әлеуметтік-еңбек оңалтуы, музыкалық, көркем, ойын терапиясы туралы айтты. Орталық церебралды сал ауруына шалдыққан, қозғалу мүмкіндіктері мен даму жағынан шектелген 3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған.