Кешкісін жұмыстан шығып, үйге асыққан алматылықтардың көпшілігі аялдамада авто­бусты күтіп, біраз тұрып қалады. Кешіккен автобустардың жолына қарап, төзімі таусылған кейбіреулер таксиге отырып кетеді. Ал қалтасы көтермеген жолаушылар қақаған аязда автобусты бүрсеңдеп далада күтуге мәжбүр.

Жолаушылардың автобусты сағат 21.00-ден кейін күтуінің себебі — жүргізушілердің жетіспеушілігі. Ал есептеу әдісіне сәйкес, бір автобусқа 2,5-ден жүргізуші келеді, қазір бізде 1,5 ғана. Мысалы, кеңес дәуірінде жүргізушілер ауысыммен, яғни бірі түске дейін, екіншісі түстен кейін жұмыс істеді, — деп түсіндірді Алматы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бағыттық желі бөлімінің бастығы Сәния Мүрсәлімбаева.

Алматыдағы қоғамдық көліктер 22.30-дан 23.30-ға дейін жұмыс істеуі тиіс, бірақ кейбір автобустардың бағыты 21.00-ден кейін тоқтайды.

Автобус уақытында келмесе, қайда шағымдану керек?

Автобус уақытынан кешігіп жатса, City Bus және «Оңай» қосымшасы арқылы кез келген қоғамдық көліктің орналасқан жерін қадағалауға болады. Ал 21.00-ден кейін автобус келмеген жағдайда Алматы тұрғындары Алматы көлік холдингінің орталық диспетчерлік басқармасына 8 (727) 397-01-97 қоңырау шалып, қай автобустың қай жерде екенін біле алады.

Сонымен бірге кесте мен интервал бұзылған жағдайда жүргізушіге немесе тасымалдаушыға қатысты шағым түсіруге болады. Ол үшін жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына 8 (727) 271-65-47 (қабылдау бөлімі), 8 (727) 262-20-49 нөмірлері бойынша (мамандар) қоңырау шалып, автобустың қозғалыс кестесі немесе интервалды бұзған уақытын, күнін, орны мен маршруттың нөмірін көрсету қажет.

Егер автобус жүргізушінің кінәсінен кешіксе, оны тасымалдаушы жазалап, сыйақыдан айырады. Ал автобус тасымалдаушының кінәсінен уақытында келмесе, онда басқарма кешігу себептерін анықтап, кемшілікті болдырмауды сұрайды. Егер тасымалдаушы кестені бұзуды жалғастырса, қызмет көрсетуге арналған шарт бұзылып, маршрут жаңа конкурсқа қойылады.

Тасымалдаушылар кестені бұзғаны үшін қалай жазаланады?

Мемлекеттік бюджеттен қамтамасыз етіліп отырған автобустар қас қарайғанша жұмыс істеуі тиіс.

Егер маршруттардың қызмет көрсетуі 100% болмаса, кем дегенде 85,90% болса, олардың субсидияларынан қандай да бір пайызды алып тастайды. Ал есептеу әдісіне сәйкес жүйелілік 100% болуы керек. Маршруттар сағат 07.00-де жұмысқа 100% шығатын болса (барлық автобустар), сағат 20.00-да бақылау белгісінде тұрақтылық 100% болуы керек. Қазір барлығы тапсырманы орындауға тырысады, — деді басқарма өкілі.

Егер маршрут 80% жұмыс істесе, онда келесі субсидияны алатын кезде тасымалдаушыға 20% қосымша ақы төленбейді. Сонымен бірге тасымалдаушыға қатысты бес рет шағым түссе, субсидиядан пайыздарды алып тастауы мүмкін.

Алматы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының ақпараты бойынша Алматыдағы 115 автобустың 60-қа жуығын мемлекет қаржыландырады. Олар: № 19, 22, 44, 56, 57, 67, 69, 70, 98, 103, 115, 125, 137 және тағы басқа.

Субсидия алудың басты шарттарының бірі — жаңа автобустардың берілуі.

Автобустар арасында интервал қандай болуы керек?

Әр автобуста әртүрлі. Бірінде орташа интервал 6-7 минут болса, бірінде 10 минут. Бұл жолаушылардың аяқ алысына байланысты. Сағат бірден екіге дейін — түскі ас және де BRT (қоғамдық көлік қозғалысына арналған желі) қозғалысы бойынша жүретін автобустарға 3-4 минут интервал қою жоспарланған. Бірақ BRT желісі әлі толығымен аяқталған жоқ, — деп түсіндірді Сәния Мүрсәлімбаева.

21.00-ден кейін қандай автобустар жүруге міндетті?

Достық көшесі бойынша №12, 29 бағыттар. Шығыс айналма жолымен №38 бағыт. Сонымен бірге №120, 65, 99 және №95 автобустар Көктөбеге дейін жүреді. Төле би көшесімен №201 бағыт, BRT желісі бойынша №205, 37 автобустар. Бұл уақытта №57, 128 маршруттар мен №14 және 15 газельдер де жүреді. Сағат 05.30-да Алматы әуежайына дейін адамдарды тасымалдайтын №92 маршрут жолға шығады.

Алматыда 21.00-ден кейін жұмыс істеуі тиіс маршруттардың кестесі мен интервалы:

№ 5 бағыт (Алматы-2 теміржол вокзалы — «Ақсай — 3» ықшамауданы)

  • Жұмыс кестесі: сағат 06.00-ден — 23.00-ге дейін;
  • Қозғалыс интервалы: 4-5 минут.

№ 7 бағыт (Алматы-1 теміржол вокзалы – «Атакент»)

  • Жұмыс кестесі: 06.20-22.30;
  • Интервал: 6 минут.

№ 8 бағыт («Райымбек батыр» метро бекеті — «Жас қанат» ықшамауданы)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.00;
  • Интервал: 13 минут.

№ 12 бағыт («Қазақстан» қонақүйі – «Медеу» спорт кешені)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.00;
  • Интервал: 10 минут.

№ 14 бағыт («Барыс» базары — Қарағайлы)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-22.30;
  • Интервал: 16 минут.

№ 15 бағыт (совхоз Алатау – «Алтын Орда» базары)

  • Жұмыс кестесі: 05.40-22.30;
  • Интервал: 7 минут.

№ 26 бағыт (№7 Қалқаман ауруханасы — «Тау Жол»)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-22.30;
  • Интервал: 27 минут.

№ 29 бағыт (Бутаковка — РМ-90)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.40;
  • Интервал: 9 минут.

№ 38 бағыт (Әл-Фараби — Шығыс айналма жолы — Рысқұлов-Саин, айналма)

  • Жұмыс кестесі: 06.00- 23.00;
  • Интервал: 5 минут.

№ 44 бағыт (Орталық стадион — «Шұғыла» ықшамауданы)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-22.30;
  • Интервал: 14 минут.

№ 45 бағыт («Шаңырақ» ықшамауданы — «Самал» ықшамауданы)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.40;
  • Интервал: 6 минут.

№ 46 бағыт («Первомай» кенті-  Алматы-1 теміржол вокзалы)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-22.30;
  • Интервал: 14 минут.

№ 57 бағыт («Саялы»- Республика сарайы)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-22.00;
  • Интервал: 15 минут,

№ 65 бағыт («Думан — «Ақсай-3»)

  • Жұмыс кестесі: 05.50-23.30;
  • Интервал: 6 минут.

№ 69 бағыт («Ұлжан» — «Жетісу» базары)

  • Жұмыс кестесі: 05.50-23.05;
  • Интервал: 16 минут.

№ 70 бағыт («Көкжиек» — «Таулы қырат»)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.30;
  • Интервал: 7-8 минут.

№ 72 бағыт (Алматы теміржол вокзалы-1 — 6-ықшамаудан)

  • Жұмыс кестесі: 06.30-23.30;
  • Интервал: 6 минут.

№ 74 бағыт (кондитерлік фабрика — теміржол көпірі)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.00;
  • Интервал: 8 минут.

№ 92 бағыт («Мамыр» ықшамауданы — әуежай)

  • Жұмыс кестесі: 05.40-23.30;
  • Интервал: 7 минут.

№ 95 бағыт («Алтын Орда» базары — Көктөбе)

  • Жұмыс кестесі: 06.30-23.30;
  • Интервал: 5 минут.

№ 98 бағыт («Райымбек батыр» метро бекеті — «Бай-тал» ЖК)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.30;
  • Интервал: 12 минут.

№ 115 бағыт (Теректі ауылының № 184 мектебі – «Өжет»)

  • Жұмыс кестесі: 05.50-22.00;
  • Интервал: 9 минут.

№ 119 бағыт (кооптехникум – «Саяхат» автовокзалы)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.30;
  • Интервал: 6 минут.

№ 128 бағыт («Алтын Орда» базары — «Самал» ықшамауданы)

  • Жұмыс кестесі: 06.10-23.25;
  • Интервал: 7-8 минут.

№ 137 бағыт (Наурызбай ауданының әкімдігі – «Жетісу» базары)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-ден 23.00-ге дейін;
  • Интервал: 12 минут.

№ 201 бағыт (Төле би/Ясауи-Төле би — Шығыс айналма жолы)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.00;
  • Интервал: 6 минут.

№ 205 бағыт («Орбита 2,4» ықшамауданы — «Жетісу» базары)

  • Жұмыс кестесі: 06.00-23.50;
  • Интервал: 5 минут.
ДереккөзTengrinews.kz