Басты бетЖаңалықтарБақытжан Сағынтаев...

Бақытжан Сағынтаев Қоғамдық кеңеспен жиын өткізді

Бақытжан Сағынтаев алғашқы жұмыс күнінде Қоғамдық кеңеспен кездесті. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімнің айтуынша, Қоғамдық кеңес Алматыдағы бірқатар мәселені шешті.

Қаланың Қоғамдық кеңесі өте белсенді. Ол құрылған жылдардан бері қала тіршілігіне қатысты ең өткір, әрі барынша ауқымды мәселелердің кең спектрін шешу үшін орасан зор жұмыстар атқарылды. Қала үшін маңызды мәселелер: экология, сәулет, көлік, ТҮКШ, қауіпсіздік, әлеуметтік инфрақұрылым және басқа бірқатар қала жоба, оның ішінде Ботаника бағын, теміржол вокзалдарын, басқаларын қайта жөндеу мәселесі қоғамда көп талқыланады. Бұлардың барлығы әкімдік қабылдаған шешімдерде бар, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Мегаполис әкімі Қоғамдық кеңестің жаңа ролін де айтты.

Сіздер үнемі халықпен біргесіздер. Қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл күйлерін жетік білесіздер. Азаматтар мен қоғамның негізгі талаптарын сезіне отырып, сіздер оларды мемлекет мүддесімен үндесуге, билік органдарының оларды шешуіне көмек бересіздер. Мен азаматтармен ашық коммуникацияны қалаймын, қаланы дамыту жоспарларымен бөлісуге, оларды ашық талқылауға дайынмын. Күшімізді біріктіре отырып, қала тұрғындарының өмір деңгейінің сапасын арттыру, инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша барынша ұтымды шешімдер қабылдауға болады, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Алматының Қоғамдық кеңесінің алғашқы құрамына 37 мүше сайланған еді. Оның 31-і мемлекеттік емес сектор мен азаматтық қоғам өкілдері. 2016-2019 жыл аралығында кеңес 107 кеңес, 127 комиссия отырысы, 84 қоғамдық мониторинг және 16 қоғамдық тыңдау өткізді. Қоғамдық кеңестің мәжілістерінде норматив-құқық актінің 475 жобасы қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға 462 ұсыныс жіберілген.