Алматының қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырды

Алматы қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады. Еске салайық, ҚР Президентін кезектен тыс сайлау 9 маусымда өтеді.

Марат Шибұтов, Айдос Сарым, Андрей Моргунов және Алматы қоғамдық кеңесінің басқа да мүшелері тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары еліміздің өткерген жолы, және әлеуметтік мәселелерді шешу амалдары туралы айта отырып, алматылықтар мен қазақстандықтарды сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.

Айдос Сарым
Қоғамдық кеңес отырысы

Үндеуде Алматының өзіндік саяси мәдениеті мен тарихы бар, ғылым мен экономиканың орталығы болып есептелетін қала екені айтылған. Қазақстан тәуелсіздігінің негізі де осы қалада қаланды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау Конституцияға сай жарияланды. Сайлауға қатысатын барлық тарап пен қатысушыға үлкен жауапкершілік артылды. Қоғамдық кеңес өкілдерінің пікірінше, сол себепті тұрғындар 9 маусымда конституциялық сайлау құқығын толық қолдануы керек.

Әрбір азамат сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауы қажет, — дейді қоғамдық кеңес мүшелері.