Басты бетЖаңалықтарБауыржан Байбек...

Бауыржан Байбек Арыста баспанасы бүлінген тұрғындармен кездесті

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс тұрғындарымен кездесті.

Арысқа арнайы барып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен таныстым. Төтенше жағдайдан үйлері зардап шеккен отбасылармен кездесіп, ешкімнің назардан тыс қалмайтынын, мемлекет тарапынан бәріне бірдей қолдау көрсетілетінін айттым. Соған байланысты Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты шаралар қолға алынып жатыр, — деп жазды Бауыржан Байбек Instagram-парақшасына.

Бауыржан Байбек Арыста
Фото: Instagram.com/baibekbk

Бауыржан Байбек Арыстағы апат зардаптарын жоюға бүкіл ел жұмылғанын айтты. Қазірдің өзінде 100-ден астам құрылыс компаниясы мен 1500-ден астам маман келіп, жұмысты бастап кетті.

Қираған үйлердің барлығын 1 тамызға дейін тапсыру жоспарланып отыр. Бұл істе Nur Otan партиясы тарапынан қоғамдық және партиялық бақылау күшейтіледі. Апта сайын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы ақпарат жарияланып отырады. Осы ретте жастарымызға, «жасотандықтарға» ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар еріктілер ретінде алғашқылардың бірі болып апат болған жерге келіп, Арыстағы ағайынға нақты көмек көрсетіп жатыр. Бұл нағыз отаншылдық пен азаматтықтың жарқын көрінісі. Арыс, біз біргеміз! — деді Бауыржан Байбек.