Алматыда Батырхан Шүкенов туралы деректі фильмнің таныстырылымы өтті

«Күз» атты жинағы музыка сыншыларының сүзгісінен өтіп, тиісті бағасын алып үлгерді. Батыр туралы деректі фильмді дайындау үшін авторлар түрлі элементті жинап, толық дүние жасап шықты. Олар әндерінің басқа нұсқаларының да табылғанын қуана жеткізді.

Ол не істерін білмей, дағдарып қалған бір сәтінде мен оған «Отан Ана» әнін ұсындым. Оның басты мақсаты Отанға бас иіп, тағзым көрсету еді, – дейді композитор Қуат Шілдебаев фильмде әнші жайлы айтқан естелігінде.

Фильмнен Батырдың өзіне танымалдылық алып келген «А-Студио» тобынан кету оңайға соқпағанын байқауға болады. Осы жолда әншінің қандай кедергілерге кездесіп, олардың шешімін қалай тапқанын да деректі фильм айқын көрсетеді.

Деректі фильммен қатар, Батыр өнерінің толық антологиясы – 11 дисктен тұратын коллекциялық ән жинағы шықты. Екеуінде – әншінің концертінен алынған жазбалары, қалған 9 альбомда орындаушының сапалы әндері топтастырылған.

Осы жұмыстың барлығы тыңдармандарға естелік болып қалары сөзсіз. Бұл –  өте сирек кездесетін жинақ. Альбом қазақ және орыс тілдерінде әзірленген. Мен онымен жақын аралассам да, барлық әнін білмейді екенмін. Міне, бүгін жинақты сыйға тартты. Енді Батырдың әндерін тыңдап, ләззат аламын, – деді  композитор Қуат Шілдебаев.

Жинақтың барлығын музыкалық дүкендердің сөресінен табуға болады. Ал деректі фильмді авторлар Youtube желісіне жүктеген. Батырдың жақындарының айтуынша, орындаушының жарыққа шықпаған әндері әлі де бар.