6 маусымдағы ауа райы: бұршақ аралас жаңбыр мен дауыл

«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтанда тұман түседі, 15-25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, толассыз жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 10 градус жылыға дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, дауыл тұрады, толассыз жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында жел 23 м/с-ке дейін күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Қарағанды облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Ақтөбе облысында да 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысында дауыл тұрады. Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Алматы облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысында да дауыл тұрады, 23-28 м/с жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 30 м/с-ке жетеді және одан асады.

Маңғыстау облысында қатты ыстық болады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматыда өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға тропосфера ағындарымен бірге Баренц теңізі аймағынан тағы да дымқыл әрі салқын ауа келетіні хабарланған еді. Соның ықпалынан көп өңірде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады және ұйтқыма жел соғады.