Париж тұрғындары қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты

Оған Париждегі қазақ диаспорасы мен «JAAK» жастар қауымдастығының (Қазақстан Достарының Жастар Альянсы) өкілдері қатысты.

Париждегі қазақтарМерекеде киіз үй элементтерін пайдалана отырып, ұлттық киім, ыдыс-аяқ, кәде сыйлар, музыкалық аспаптар, туристік буклеттер, кітаптар және фотоальбомдар, қазақстандық музейлердің көркемөнер картиналары жұртшылыққа таныстырылды.

Париждегі қазақтарҚазақстандық дипломаттар шараға қатысушыларға Қазақстанның 25 жылда жеткізген жетістіктері, елдің мәдени сан түрлілігі, сонымен қатар алдағы уақытта болатын  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жайында баяндады.

Қонақтар ұлттық тағамнан дәм татып, қазақ дастарханындағы әралуандылыққа тамсанды.

Париждегі қазақтарСтуденттер арасындағы қазақ жастарының өкілдері мен диаспора өкілдері қазақтың ұлттық биін биледі.

ДереккөзҚазАқпарат