Өрттен қаза тапқан бес балаға ескерткіш қойылуы мүмкін

Нұр-Сұлтанда 2019 жылы ақпанда өрттен қаза тапқан бес қызға ескерткіш орнату жоспарланып отыр.

Бұл туралы «Республика-аймақ-даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук мәлімдеді.

бес қыз, өрт
Иллюстрация Ғалым Байтуктың Facebook парақшасынан алынды

Әлем елдерінде осындай мемлекет пен менталитеттегі өзгерістердің катализаторы болған қайғылы оқиғаларға ескерткіш немесе мемориал орнатады. Мұндай ескерткіштердің негізгі ойы — «есте сақтау». Міне, қайтыс болған қыздарға ескерткіш мемориалын қою идеясы келді, оны досымыз Олжас Мұхамеди шығармашылық жағынан жүзеге асырып жатыр», — деп хабарлады Facebook желісінде Ғалым Байтук.

Қоғамдық қор басшысының айтуынша, қайғылы оқиға әлеуметтік реформалар мен азаматтық белсенділіктің жаңа кезеңіне аяқ басуға әсерін тигізді.

Көпбалалы аналар тұрғын үй мәселесін шешу үшін бірікті, қоғам өкілдері әлеуметтік қолдауды арттыру үшін белсенділік танытты, ең бастысы  — билік өзгере бастады, — деді Ғалым Байтук.

Жобаны келесі жылдың ақпанына қарай, қайғылы оқиғаға бір жыл толғанда жүзеге асыру жоспарланған.

Еске салайық, 2019 жылы 4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» ықшамауданында шағын үй өртенген еді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылдары туған бес бала қайтыс болды.

ДереккөзTengrinews.kz