Блогер Астанада өрттен қаза тапқан бес баланың әкесінен сұхбат алды

Блогер, актер, экс-депутат Тәңірберген Бердоңғар Астанадағы өрт кезінде бес баласы қаза тапқан ата-анадан сұхбат алды.

Видеосында сұхбат берушілердің бет-әлпеті көрсетілген жоқ.

Марқұм болған қыз балалардың әкесі Евгений Ситер қайғылы оқиға болған түні қайда кеткенін айтты.

Мен машинаны жөндеуді мойныма алған кезде уақыт жағынан үлгермей жаттым, екі аптаға кешіктірдім. Сондықтан сол түні жұмысқа шығуға тура келді, таңертең машинаны иесіне тапсыруым керек болды. Ол көлігін мінуі керек болды, әйтпесе күн сайын 20 мың теңгеге шығын көріп жатты. Мен 20 жылдан астам уақыт бойы автокөлік жөндеймін, көмегіме бұрыннан жүгінетін, маған сенетін клиенттерім бар, техникасы бұзылса, бірден маған хабарласады, — деді Евгений Ситер.

Еске салайық, 4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» ықшамауданында шағын үй өртенген еді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылдары туған бес бала қайтыс болды.

ДереккөзZakon.kz