Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Алматы әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматының әкімі болып тағайындалсын, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 28 маусымда Бақытжан Сағынтаевты Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатты. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 24 наурызында тағайындалған еді. Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырымбек Көшербаевты Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатты.