Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшысын және Қызылорда облысының әкімін қызметінен босатты. Бұл туралы жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, — делінген Ақорданың сайтында.

Бақытжан Сағынтаевтың орнына жаңа Президент Әкімшілігінің басшысы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Ол мұның алдында Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.

Қырымбек Көшербаев
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын, — делінген Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 24 наурызында Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ол мұның алдында Мемлекеттік хатшы қызметін атқарды. Бақытжан Сағынтаев Мемлекеттік хатшы қызметіне 2019 жылдың 1 наурызы күні тағайындалды.