Жетісу ауданында Қасым-Жомарт Тоқаевтың он тапсырмасы талқыланды

Жиынға 100-ден астам адам қатысты. Бұл тапсырманың халық арасынан кең қолдауға ие болып, тұрғындар өміріне батыл енетіні туралы Жетісу аудандық білім бөлімінің жетекшісі Салтанат Амангелдіқызы баяндап берді.

Ел президентін сайлау науқанында қазақ елі бірлігі мен ынтымағын көрсетіп, белсенді түрде болашақ үшін дауыс берді. Қазақ елі Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасында кеңінен таныстырылған ел дамуының сара жолын, сабақтастық, әділдік, өрлеу жолын таңдады. Осы үш тұғырға қарап отырып-ақ бізді жаңа қоғамда тың әрі сапалы өзгерістердің күтіп тұрғанын аңғару қиын емес. Демек, Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың миссиясы елді гүлдендіруге, әр азаматтың өмір сапасын арттыруға және келісім мен бейбітшілікті сақтауға бағытталған. Тағы бір маңызды мәселе – халық пен билік байланысының жаңа форматын құру. Яғни, тиімді диалог болу керек. Үкімет қызметі халық үшін ашық болуы маңызды, – деді ол.

Ұстаз Данагүл Рысбайқызының да есебі тыңдалды. Оның айтуынша, біз тәуелсіз Қазақстанның өміріндегі тарихи оқиғаға куәгер болдық.

«Жақсының жолы – жарық» демекші, бұдан былай Қазақстан Республикасының өркендеуі Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімімен байланысты болмақ. Алдағы уақытта Қазақстан халқының шаруасы шалқып, дүние жүзіне қазақ аты танылып,  мерейіміз тасып, айдынымыз асатынына кәміл сенеміз. Еліміздің, тәуелсіздігіміздің тағдыры Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында. Біз Президентке сенеміз. – деді Данагүл Рысбайқызы.