Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге қазақстандықтар 721 миллион теңге аударды

Арыс тұрғындарының көмек көрсету қорына 721 миллион теңге аударылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Арыстың ашық қорына 721 миллион теңге жиналды. Сондай-ақ, киім, азық-түлік, гигиена заттары да жеткізілді, — деді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетейік, 24 маусымнан бастап Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинау мақсатында «Түркістан» әлеуметтік даму корпоратив қоры ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Тұңғыш Президент кеңсесінің қызметкерлері, Қасым-Жомарт-Тоқаев және Президент әкімшілігінің қызметкерлері Арыс тұрғындарына қаржылай көмек көрсетті.

«Түркістан» корпоратив әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы Түркістан қаласы Қызылорда тас жолы , 34А.

Индекс 161200

БСН (БИН)100440016000

ForteBank АҚ-ның Түркістандағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Halyk Bank картасы: 4031 6708 2224 4526

Жеке тұлғалар «Түркістан» корпоратив әлеуметтік даму қорының картасына да ақша жібере алады:

4042 4583 0000 0843 Дәуренбек Құрбаниязов

Қордың директоры: Дәуренбек Құрбаниязов, +7 771 893 35 36.

ДереккөзТengrinews.kz