Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы пікір білдірді.
Басынан бастап біз Төтенше жағдайлар комитетімен, Қорғаныс министрлігімен бірге тиісті іс-шараларды іске асырып жатырмыз. Арыста 45 мың адам тұрады. Оқиғаның ауқымын көре отырып, бүкіл қаланы эвакуациялауды шештік. Қаланың бағытын ескеріп, қай жаққа көшіру туралы шешім қабылданды. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім болды. Өйткені жарылыстың ауқымы орасан және бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бізге қауіпсіздік мақсатында адамдарды көшіру қажет болды, — деді Түркістан облысындағы брифингте Өмірзақ Шүкеев.
Эвакуацияланған азаматтардың мүлкін полиция қызметкерлері күзетеді. Оқиға орнынан көшірілгендерге жеке құрамның 463 қызметкері мен Ішкі істер министрлігі бөліністерінің 53 техникасы көмек көрсетіп жатыр. Мұның ішінде 193 қызметкер және 23 техника азаматтық қорғау органдарына тиесілі. 270 қызметкер мен 30 техника полиция бөліністерінен тартылды.
Арыстағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұланының әскери бөлімінен 500 жауынгер жіберілді.
Бүгін, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болды. Қазіргі уақытқа дейін жарылыстың неден болғаны айтылмай отыр.
Оқиғаға байланысты Шымкент төтенше жағдайлар департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді. Тәулік бойы:
- 8 7252 44 94 72
- 8 7252 35 33 66
- 8 7253 35 83 02
- 8 7172 53 32 84
- 8 7172 53 32 79 телефон нөмірлеріне хабарласып, ақпарат алуға болады.