«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері халықаралық байқауда бақ сынады

Бұл байқауға Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» әскери мектебі екі ғылыми жоба ұсынды.

Әскери мектептің оқу-әдістемелік бөлімі қызметкерлерінің хабарлауынша, Жарқынбек Ермаман «Геометрия есептерінің қолданысы» тақырыбындағы жобасын математика секциясында, ал Батырхан Мерей «Жылудағы аралас күн жүйесі» зерттеуін механика секциясында қорғады. Оларға байқауға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Ғылыми жобаға физика пәнінің мұғалімі Айнұр Жакуова мен математика пәнінің мұғалімі Шолпан Мұзартбекқызы жетекшілік етті.

Байқау «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде өтті. Халықаралық байқау биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Сайыстың мақсаты дарынды оқушыларды қолдау, олардың математика мен механика ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына құштарлығын арттыру болды. Жас таланттар халықаралық байқауда үш күн бойы әртүрлі ғылыми жобаны таныстырды.