1 шілдеден бастап «7-20-25» бағдарламасымен жұмыс істейтін банктер 20% болатын бастапқы жарнадан артық соманы қабылдайды.
Жаңа талап бойынша клиент 20%-дан артық қаржы төлесе, оның негізгі борыш сомасы азайып, банктердің төлем қабілетіне қоятын талаптары төмендейді.
Бұрынғы талаптың клиенттерге біраз қолайсыздық туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны артық төлеуі арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады. Сонымен бірге банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. «7-20-25» бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңарып жатыр, — деді «Баспана» ипотекалық ұйымы серіктес-банктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қанат Әбдірайымов.
Қазір «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмысын жүргізіп жатыр. Бағдарлама аясында сегіз қаржы ұйымы: ЦентрКредит, Сбербанк, Халық банк, АТФБанк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank несие береді.