Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы қаулы бойынша:
Бауыржан Байбек – Алматы әкімі;
Ғабидолла Әбдірахымов – Шымкент әкімі;
Ермек Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі;
Оңдасын Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Баталов – Алматы облысының әкімі;
Нұрлан Ноғаев – Атырау облысының әкімі;
Асқар Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі;
Ерлан Қошанов – Қарағанды облысының әкімі;
Архимед Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;
Болат Бақауов – Павлодар облысының әкімі;
Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі;
Даниал Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдері өкілеттігі тоқтатайды. 12 маусымнан бері әкімдер жаңа әкім тағайындалғанға дейін міндеттерін атқарған болатын.
Айта кетейік, 13 маусымда Нұр-Сұлтан әкімі қызметіне Алтай Көлгінов келді.