Жолдорба қандай болуы қажет?

Тауға шығуға арналған, сыйымдылығы 60-80 литр болатын жолдорбаданы таңдағаныңыз дұрыс. Оның ішінде әдетте кішкене кілем мен шатыр болады. Жолдорбаның сыртындағы қосымшалары алюмин болса, денеңіз шаршамайды. Оның баулары да көп болғаны жөн.

Жеке куәлігіңіз бен сақтандыру полисі міндетті түрде өзіңізбен бірге болсын. Фотоаппарат пен телефон қуаттағыш аккумуляторды да ұмытпаңыз.

Жолдорба
Жолдорба, Фото: litetrip.ru

1. Шатыр

Тауда жаңбыр жиі жауатындықтан шатырдың матасы екі қабат болғаны жөн. Желмен ұшып кетпейтіндей болуын да ескеріңіз. Шатырдың таяқтары мен тіреуіштері алюмин болса, салмағы жеңілірек болады. Матасы тез кебуі үшін екі жақтан кіріп-шығуға ыңғайлы шатыр таңдаңыз.

2. Төсек қабы

Төсек қабының екі түрі бар: мамық және синтетика. Мамық төсек қабының салмағы синтетикаға қарағанда жеңіл, бірақ жаңбырдан, тау ылғалынан су болып қалады.

3. Масаға қарсы спрей

Тауда масаға қарсы спрей болмаса, демалысыңыздың шырқы бұзылуы мүмкін.

4. Хоба

Бұл — отыруға арналған көрпеше. Хобаны өзіңіз жасап алғыңыз келсе, сізге пенопалст пен резеңке бау қажет. Тауға шыққанда хобаны жолдорбаға байлап алуыңызға болады.

Хоба
Хоба. Фото: litetrip.ru

5. Қолсағат

Тауға шыққанда телефон қуаты таусылып қалса, уақытты біле алмайсыз. Сондықтан механика қолсағат таққан жөн.

6. Ыдыс

Ыдыс темір немесе пластик болуы қажет.

7. Гигиена заттары

Тауға шыққанда дезодорант, лосьон, иіссу алмаған жөн. Оның орнына міндетті түрде сабын, дәретхана қағазы, ылғал майлықтар мен күннен қорғайтын кремді ұмытпаңыз.

Басқа тағатын фонарь, жаңбыр өткізбейтін киім мен дәрі қобдишасы да сөмкеңізде болсын. Тауға шығуға арналған таяқтар да қажет. Бірақ оны тауда сынып қалған бұтақтармен алмастыруға болады.