1. Дезодорант пен антиперспирантты шатастырамыз

Антиперспирант қолтықтың терлеуіне, ал дезодорант жағымсыз иіске қарсы қолданылады.

Көптеген антиперспиранттарда алюминий тұзы, кейде цирконийдің де тұзы болады. Олар тер бездерінің жолдарын тарылтады. Сол себепті де қолтық аз терлейді.

Дезодорант бактерияларды өлтіріп, жағымсыз иісті кетіреді. Оның тердің көлеміне әсері жоқ.

2. Ылғал теріге жағамыз

Антиперспирантты құрғақ теріге жағу керек. Душтан шыққан соң немесе терлеп тұрғанда оны қолданбаңыз.

3. Қырынған соң, бірден жағамыз

Қолтықтағы түкті қырған соң антиперспирантты да, дезодорантты да бірден қолданбаған жөн. Олардың құрамында спирт көп болса, теріні тітіркендіреді.

4. Күніне бірнеше рет қолданамыз

Күніне бірнеше рет құрғақ сусабынды немесе сүрмені пайдалануға болады. Бірақ дезодорантты үсті-үстіне жаққаннан сергімейсіз. Керісінше, тиімділігін төмендетіп аласыз. Оны таза, құрғақ теріге ғана қолданады.

5. Таңертең жағамыз

Антиперспирантты түнде, ұйықтардың алдында жағу керек. Бұл уақытта тер бездерінің жұмысы баяулайды да, антиперспирант тер жолдарына оңай сіңіп, сонда қалады. Сол себепті дермотологтар кешке душ қабылдап, қолтықты дұрыстап сүрткен соң ғана гигиеналық құралдарды қолдануға кеңес береді.

Қолтық тазалығы

6. Қолтық терісін ылғалдандырмаймыз

Дерматологтардың айтуынша, қолтық терісін құрамында диметикон бар креммен немесе кокос майы сынды табиғи майлармен ылғалдандырып тұру керек. Олар құрғақ теріні тыныштандырады. Оның үстіне кокос майында бактерияларға қарсы әсер бар.

7. Теріміздің типіне келмейтін құралды қолданамыз

Қолтық терісін бет терісін күткендей күту керек. Дезодорант таңдағанда теріңіздің типіне, оның сезімталдығына назар аударыңыз. Құрамында спирті көп немесе иісі тым өткір болса, аллергия тудыруы ғажап емес.

8. Қарапайым және клиникалық антиперспиранттарды ажырата алмаймыз

Қарапайым антиперспиранттар тер бездерінің жолдарын — 20%-ке, ал клиникалық түрлері 30%-ке тарылтады. Онда алюминий тұзының концентрациясы жоғары. Сол себепті жақсы көмектеседі, бірақ өте жиі тітіркендіреді. Егер теріңіз сезімтал болса, қарапайым антиперспирант қолдану керек.

9. Табиғи дезодоранттарға сенбейміз

Көпшілік табиғи дезодоранттардың тиімділігіне сенбейді. Оны көбінесе аз терлейтін адамдар мен иісті кетіргісі келетіндер қолданады.

10. Дезодоранттың киімдегі ізін қалай кетіруді білмейміз

Дезодоранттан қалған ақ іздерді кетіру оңай шаруа емес. Егер қарапайым жуу көмектеспесе, лимон қосылған суды байқап көріңіз.

Қазіргі кезде қара түсті, ақ түсті киімдерге арналған түссіз құралдар шығып жатыр. Соларды пайдаланыңыз.