• Денис мәнерлеп сырғанаумен бірге теннис, акробатика, таэквондо, каратэ, жүзумен шұғылданды. Сонымен бірге би және көркем сурет мектебіне барды.
  • Ол фортепиано сыныбында 5 жыл оқыды. 2002 жылы Пусанда өткен хор олимпиадасында Денис ән салған ұжым күміс жүлдеге ие болады. Ол кезде Денис 9 жаста еді.
  • 13 жасынан бастап өлең жазды. Денистің 17  өлеңі бар, оның екеуі ағылшын тілінде жазылған.
Денис Тен
Денис ағасы Алексеймен. Фото: Денис Теннің Instagram парақшасынан
  • 2009 жылы өткен әлем чемпионатының біріншілігінде Денис ең жас қатысушысы болды. Бұл кезде ол 15 жаста еді. Оның өнеріне Лос-Анджелестегі Staples Center залындағы 18 мың көрермен орнынан тұрып, қол шапалақтады.
  • 2011 жылы спортшы Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін Skating Friends Support Japan жобасының белсенді қатысушысы болды. 2013 жылдан бастап ол Нұр-Сұлтандағы SOS балалар ауылына және Алматыдағы мектеп-интернатқа жиі барып тұрды.
  • 2013 жылдан бастап мәнерлеп сырғанаушы Қазақстандағы «Денис Тен және оның достары» атты тұңғыш мұзды шоуға продюсерлік етті. 2014 жылы Денис Теннің шоуы үшін Қазақстанға Жапониядан 500 турист келді. Шоудан жиналған ақша нейролейкоз дертіне шалдыққан 6 жасар Нұрсат Жақыпбайдың еміне берілді.
  • Денис Теннің Қазақстан, Корея мен Жапонияда фан-клубтары бар. 2015 жылдың күзінде Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-министрі Синдзо Абе Денис Тенді «Жапония мен Қазақстан достығының символы» деп айтты.
  • 2015 жылы Денис фотоға түсірумен әуестене бастады. Ол әлеуметтік желілерде «D10World — Денис Теннің әлемі» деген атаумен парақша ашып, өзі түсірген фотосуреттерін салып отырды.
Денис Тен
Денис Тен. Фото: Denistenfoundation.org
  • Ол өмірінің соңғы 3-4 жылында бірнеше әңгіме жазды. Денис Тен Пелевин, Ошо және Харуки Мураками шығармаларын сүйіп оқыған.
  • 2018 жылдың көктемінде сценарий жазып, Тимур Бекмамбетов және Bazelevs компаниясы ұйымдастырған Screenlife Projects сценарийлер байқауына жібереді. Өз категориясында бес финалистің бірі атанып, 2018 жылы Мәскеуде Тимур Бекмамбетовке жобасын қорғады.