Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.
9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96% дауыс жинап, жеңіске жетті. Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берген сәттен ҚР Президенті қызметіне кірісті.