«Жердегі жұлдыздар» («Звездочки на земле»)

Драма жанрындағы кинофильм 2007 жылы прокатқа шықты. Аамир Кханның режиссер ретіндегі дебюті. Басты рольдерде Даршил Сафари мен Аамир Кхан ойнайды.

Сегіз жасар Ишаан Авасти кішкентай кезінен бастап өзге балалардан ерекшеленеді. Мектепке барғанда оған сабақ оқу, жазу қиын болады. Сабақ үлгерімінің төмендегі мен мұғалімдердің үздіксіз шағымынан әкесі ұлын интернатқа жібереді. Оның ойынша, шетке шыққан бала қатаң тәртіпке бағынып, сабақ оқуға ынтасы оянады. Жаңа ортаға үйренісе алмай, қиналып жүрген баланың өмірін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Рам Никумб өзгертеді. Ишаанның бойынан дислексия симптомын байқаған мұғалімнің өзі де кішкентай кезінде бұл дертпен ауырған. Рам Никумб Ишаанмен тез тіл табысып, сурет салу арқылы оның сабақ оқуға деген ынтасын оятады. Фильмді көрген соң әр баланың қабілетті екенін түсінесіз.

"Жердегі жұлдыздар". Аамир Кхан
«Жердегі жұлдыздар». Фото: Whatisgood.ru

«Үш ақымақ» («Три идиота»)

Комедия жанрындағы фильм 2009 жылы шықты. Үнді жазушысы Четан Бхагаттың  Five point someone романының желісімен режиссер Раджкумар Хирани мен продюсер Видху Винод Чопра түсірген. Басты рольдерде Аамир Кхан, Ранганаттан Мадхаван, Шарман Джоши, Карина Капур ойнайды.

Фархан әуежайда жүргенде телефон шырылдайды. Күтпеген қоңыраудан әуежайда тұрған автокөліктің бірін ұрлап, жолда Раджу досын ала кетеді. Екеуі ескі колледжге барып, ғимарат шатырында бірге оқыған Чатурмен кездеседі. Үшеуі он жыл бұрынғы «өмірде кім жетістікке жетеді» деген сертті еске түсіреді. Чатур беделді қызметі, қымбат үйі мен әдемі әйелі бар екенін Фархан мен Раджуға айтып, мақтанады. Бірақ оның сөзіне екеуі де мән бермейді.  Қулыққа көшкен Чатур үш достың бірі Ранчоның қайда екенін білетінін айтып, үшеуі жолға шығады. Ранчоны іздеу барысында Фархан мен Раджу бірге оқыған кездегі естеліктерді еске түсіреді. Фильмнің не себепті «үш ақымақ» деп аталғанын соңында ғана түсінесіз.

"Үш ақымақ". Аамир Кхан
«Үш ақымақ». Фото: Kino-teatr.ru

«Дангал»

Драма жанрындағы үнді фильмі 2016 жылы прокатқа шықты. Қыздар арасындағы күрестен чемпион Гита Пхогат пен Бабита Кумариды дайындаған бапкер Махавир Сингх Пхоганың оқиғасы бойынша режиссер Нитеш Твари мен продюсер Аамир Кхан түсірген.  Басты рольдерде Аамир Кхан, Сакши Танвар, Фатима Сана Шейх, Санья Малхотра, Апаршакти Кхурана, Заира Васим ойнайды.

Махавир Синг — Пхогат Харьян штатындағы Балали ауылының ұлттық чемпионы. Отбасын асырау мақсатында Махавир Синг спортты тастап кетуге мәжбүр болады. Болашақта чемпион тәрбиелеймін деген балуанның әйелі тек қыз туады. Бір күні Гита мен Бабита екі ұлды ұрып тастайды. Ата–анасы шағым түсіріп Махавир Сингтің үйіне келеді. Қыздарының ұлдармен төбелескенін көрген әкесі Бабита мен Гитаны жаттықтырады. Чемпион медалін алу жолында қиындықтармен күресе білген Махавирдың бапкерлік қана емес, әкелік қамқорлығы мен тәрбиесі зор.

"Дангал". Аамир Кхан
«Дангал». Аамир Кхан. Фото: Bollywoodtime.ru

«Соңғы үміт» («Последняя надежда»)

Бұл фильм 2005 жылы шықты. Жанры — драма. Туғаннан құлағы мүкіс әрі зағип болып қалған американдық Хелен Келлердің оқиғасы бойынша режиссер Санджа Лила Бхансали түсірген. Басты рольдерде Амитабх Баччан мен Рани Мукерджи ойнайды.

Туғанынан есту мен көру мүмкіндігі жоқ Мишел Макнеллиді Деврадж Сахай есімді мұғалім оқытады. 12 жылдан соң Мишель бакалавр дәрежесін алып, альцгеймер ауруына шалдыққан ұстазы Деврадж Сахайды іздеп ауруханаға келеді. Ұстазы мен шәкірттің орны ауысып, Мишель Сахайға сөздерді дұрыс айтуды, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіреді. Фильмнің соңында Сахайдың жеке әліпбиінің не себепті BLACK деп аталғанын білесіз.

"Соңғы үміт". Рани Мукерджи
«Соңғы үміт». Рани Мукерджи. Фото: Svarga.tv

«Мен — оқытушымын» («Я — препод»)

Драма жанрындағы фильм 2018 жылы шықты. Режиссер Сидхарт Малхотра түсірген. Басты рольде Рани Мукерджи ойнайды.

Туретта синдромына шалдыққан Найна Матур кішкентай кезінен мұғалім болуды армандайды. Өкінішке қарай, оның ауруына байланысты ешкім Найнаны жұмысқа алмайды. Бір күні Ноткер мектебінің директоры Найнаны жұмысқа шақырып, ең нашар сыныпты мемлекеттік емтихандарға дайындауын тапсырады. Ауқатты отбасыдан шыққан 9д сыныбының оқушыларын қабылдамайды. Өйткені олардың әлеуметтік жағдайы нашар еді. Үнемі ұрыс пен төбелестің кесіренен олардың оқу үлгерімі де төмен болады. Бастапқы кезде оқушылар Найнаны синдромына байланысты қабылдамайды. Бірақ Найна сабақты теория түрінде ғана емес, тәжірибе жасау арқылы да түсіндіреді. Жыл сайын сыныбында қалатын оқушылар мемлекеттік емтиханды тапсырады. Сонымен бірге фильмде Найна мен әкесінің арасындағы қарым-қатынас қайшылықтары көрсетіледі.

 

"Мен - оқытушы". Рани Мукерджи
«Мен — оқытушы». Рани Мукерджи. Фото: Kinofilms.ua

Иллюстрация: Dribbble.com ©Jenn Liv

Тағы да оқыңыз: Baribar.kz редакциясы жаңбырлы күндері көруге кеңес беретін 30 кинофильм