«Кек алушылар: Финал»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Энтони Руссо, Джо Руссо

Ұзақтығы: 182 минут

Рольдерде: Бри Ларсон, Бредли Купер, Крис Хэмсворт, Скарлетт Йоханссон, Карен Гиллан, Крис Эванс, кіші Роберд Дауни, Элизабет Олсен, Джош Бролин

Жанры: фэнтези, боевик, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмде Таностың басқыншылығынан аман қалған «Кек алушылар» мүшелері мен оларға көмекке келген одақтастар ғаламды құтқару жолында тағы бір жоспарды іске асырып көреді. Бұл жолы қателесуге болмайды, әйтпесе, оның салдары бұрынғыдан да қайғылы болады.

«Жеңіс үшін атамызға рақмет»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Теймураз Тания

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Артем Быстров, Егор Бероев, Теймураз Тания, Ксения Алферова

Жанры: комедия, отбасылық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Қалада өскен бала әкесіне ілесіп, атасының ауылына барады. Жергілікті ұл-қыздар оны жылы қабылдай қоймайды. Әйтсе де, баланың ауылдағы күндері қызыққа толы. Ал атасының соғыс туралы әңгімелері оның нағыз ер болуына ықпал етеді.

«Аңшы»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Джордан Дауни

Ұзақтығы: 72 минут

Рольдерде: Кристофер Рай, Кора Кауфман

Жанры: қорқынышты, фэнтези

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм оқиғасы орта ғасырларда өрбиді. Бір жауынгер қараңғы орманда жалғыз тұрады және қызын өлтірген құбыжықтан кек алуды көздейді. Ол жақын маңда пайда болған белгісіз тылсым тіршілік иесі туралы естіген соң солардың басын алуға аттанады.

«Кішкентай жәндіктер: Мандибулалар әлемнің қиырында»

Шығарушы мемлекет: Қытай, Франция

Режиссеры: Хелен Жиро, Томас Сабо

Ұзақтығы: 92 минут

Рольдерде: Тьерри Фремон, Бруно Саломон

Жанры: отбасылық, мультфильм, комедия, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Мультфильмдегі жәндіктер Франциядан Гваделупа тропика аралына аттанады. Жол бойы оларды небір қызық пен романтика күтіп тұр.

«Велосипедтер»

Шығарушы мемлекет: Испания

Режиссеры: Мануэль Х.Гарсиа

Ұзақтығы: 92 минут

Жанры: мультфильм, драма

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Көркем таулардың, орман-көлдердің арасында Споксвилль деген қалашық бар. Бұл жерде велосипедтің түр-түрі өмір сүреді. Бірде қалашықта қозғалтқышы бар қонақ пайда болды. Осыдан бастап тыныш та үлгілі елді мекеннің шырқы бұзылады.

«Суперқаһармандар»

Шығарушы мемлекет: Ұлыбритания

Режиссеры: Том О’Делл

Ұзақтығы: 116 минут

Рольдерде: Нилл Адамс, Скотт Битти, Дженна Буш, Крис Клермонт, Чак Диксон, Джефф Хендерсон, Эмма Логгинс

Жанры: деректі фильм

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Деректі фильмде Бэтмен, Блейд, Икс Адамдары, Өрмекші адам, Темір адам мен Қара пантера сияқты суперқаһармандардың комикс беттерінен үлкен экрандарға қалай шыққаны және Голливудта, одан кейін бүкіл әлемде қалай танымал болғаны баяндалады.

«Бес фут алыста»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Джастин Бальдони

Ұзақтығы: 116 минут

Рольдерде: Хейли Лу Ричардсон, Коул Спроус, Мойзес Ариас, Кимберли Хеберт Грегори, Парминдер К.Награ, Клэр Форлани

Жанры: драма, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, сюжет бойынша екі кейіпкер де муковисцидозбен ауырады. Сол себепті патогенді флорамен алмаспау үшін ғашықтар бір-біріне жақындай алмайды, бір метр қашықтан ғана бір-бірін көре алады. Бірақ шын махаббатта шекара жоқ. Сезіммен бірге ережені бұзуға деген ниет те күшейе береді.

«Үлкен саяхат»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Ресей

Режиссеры: Наталья Нилова

Ұзақтығы: 84 минут

Рольдерде: Алексей Воробьев, Дмитрий Назаров, Филипп Киркоров

Жанры: мультфильм, комедия, отбасылық, шытырман оқиғалы

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бала тасумен айналысатын аққұтан мекенжайдан шатасып, сәби Панданы Мик-Мик деген аюдың үйіне тастап кетеді. Аю балақайды өз үйіне жеткізбек болып Қытайға аттанады. Үлкен саяхат кезінде оған Оскар деген қоян серік болады. Жолшыбай олар Дюк деген бірқазанмен, Янус деген қасқырмен және Амур деген жолбарыспен танысады.