Отандық «Той любой ценой» комедиясы жарыққа шықты

Фильм Мақсат есімді телевизия саласының қызметкері төңірегінде өрбиді. Ол әпкесінің ұзатылу тойына арналған ақшаны жоғалтып алады. Мақсат отбасы мейрамының шырқының бұзылмауы үшін бәріне дайын еді.  Қиын жағдайдан шығу үшін жұмыстағы әріптестеріне мерекелік эфирге арналған идея ұсынады. Олар Ажардың ұзату тойы туралы реалити-шоу түсіру керек. Шоуға қатысып жатқан кейіпкерлер өздерінің тікелей эфирде екенін білмейді.

Басты кейіпкер Мақсатты Шәріп Серік сомдаса, оның әпкесінің рөлінде  әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ойнайды. Ал ата-анасының рөлінде — Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов сомдайды.