Energyprom.kz зерттеушілерінің мәліметінше, биыл өнер, шығармашылық пен ойын-сауық саласында көрсетілген барлық қызметтің 45,9%-ы осы театрларға тиесілі. 2018 жылы театрдың бұл саладағы үлесі 54,5% болған.

2018 жылы елімізде 68 театрдың бар екені белгілі болды, көрермен залдарындағы орын саны 22,5 мыңнан 22,9 мыңға көбейді. Театрлар қойылымы, басқасы бар, барлығы 16,6 мың іс-шара өткізді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша театр көрермені 2,8 миллион адамға жетті немесе 2017 жылға қарағанда 2,3%-ға көбейген. Театрға барған балалар саны 1,3 миллионға жетті, бір жылда 4,3%-ға артқан.

Театр қойылымдарының саны бір жылда 363-тен 350-ге азайған.

Қазақстан театрларындағы билеттің орташа құны 2019 жылғы мамырға қарай 744 теңге болды, баға бір жылда 1,6%-ға өскен. Ең қымбат билет Алматы (2 203 теңге, бір жылда 3,2%-ға қымбаттаған) мен Нұр-Сұлтанда (1 303 теңге, бір жылда 19%-ға қымбаттаған). Билет бағасының айтарлықтай өсуі Көкшетау мен Өскеменде тіркелген,  Көкшетауда театр билетінің орташа құны — 800 теңге, баға бір жылда 26,6%-ға артқан. Өскеменде 1000 теңге, баға 25%-ға өсіп отыр.

Республиканың 13 ірі қаласында театр билетінің орташа құны өзгермеген.

Театр билетінің бағасы
Театр билетінің өңірлердегі орташа бағасы

Еске салайық, бұған дейін Energyprom.kz зерттеушілері Қазақстанда музыка концерттері нарықтан театр қызметін ығыстырып бара жатқанын хабарлаған еді. Концерт ұйымдастыруға қатысты қызмет көлемі бір жылда 30%-ға артқан. Концерт ұйымдастыру — Қазақстандағы шығармашылық, өнер мен ойын-сауық саласы бойынша көрсетілетін барлық қызмет түрінің 46,9%-ы. 2016 жылы өнер мен ойын-сауық саласындағы барлық қызметтің 45,9%-ы театрларға тиесілі болған.