Еnergyprom.kz сарапшыларының хабарлауынша, Қазақстанда 2018 жылы концерт ұйымдастыру саласы бойынша 26,5 миллиард теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл 2017 жылға қарағанда 30,5%-ға көп.

Концерт ұйымдастыру — Қазақстандағы шығармашылық, өнер мен ойын-сауық саласы бойынша көрсетілетін барлық қызмет түрінің 46,9%-ы. 2017 жылы көрсеткіш 41,6%-ға тең болған.

Цифрларға қарағанда концерт қызметі соңғы жылдары қарқынды дами бастады. Себебі 2016 жылы өнер мен ойын-сауық саласындағы барлық қызметтің 45,9%-ы театрларға тиесілі болған.

2018 жылы Қазақстанда өткізілген концерт саны 7,1 мыңға жеткен, цифр 2017 жылғыдан 7%-ға көп. Қазақстандықтар өзге қалаларға сапарлататын музыканттардың концертіне көп барады екен. Артистердің өзге қалаларға бармай өткізген кештерінің саны 18,1%-ға (4,9 мыңға дейін) азайып, басқа қалаларда қоятын концерттерінің саны 3,8 есе көбейген (2,1 мыңға дейін).

Еnergyprom.kz сарапшылары 25-26 мамыр күндері Алматыдағы Республика сарайының алдындағы Абай алаңында қазіргі заманғы этника музыкасының жыл сайынғы халықаралық фестивалі — The Spirit of Tengri-2019 өтетінін еске салады. Үлкен музыка шоуына 16 елден 70-тен астам өнер ұжымы келеді. Ашық аспан астындағы тегін концерт сағат 17.00 басталады. Жобаның бас серіктесі — Salem Social Media. Фестиваль биыл Алматы әкімдігінің қолдауымен Жастар жылын мерекелеу аясында өтеді.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Barbara Morrigan)