Жоғары ЕЭК саммитінде қандай келісімдер жасалды?

Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданып, қол қойылды:

1.  Жоғары кеңестің «Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы туралы» шешімі;

2. Жоғары кеңестің «Қытай Халық Республикасы мен Еуразия экономикалық одағының кедендік шекаралары арқылы өтетін тауарлар мен халықаралық жүк тасымалының көлік құралдары жөнінде, ақпарат алмасу жөніндегі келісімдерге қол қою мәселелері туралы» шешімі;

3. Жоғары кеңестің «Бір жағы — Еуразия экономикалық одағы және оған мүше-мемлекеттер, екінші жағы — Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы жөніндегі келісімдерге қол қою мәселелері туралы» шешімі;

4. Жоғары кеңестің «Еуразия экономикалық одағына мүше-мемлекеттердің 2019-2020 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары туралы» шешімі;

5. Жоғары кеңестің «Еуразия экономикалық одағының өнеркәсіптік саясаты жөніндегі кеңес туралы» шешімі;

6. Жоғары кеңестің «Еуразия экономикалық одағының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттау туралы» шешімі;

7. Жоғары кеңестің «2017-2018 жылдардағы мүше-мемлекеттердің сауда, көрсететін қызметтері, мекемелер мен жұмыстарын реттеу тәртібімен қарастырылған ереженің орындалу мониторингінің нәтижелері туралы» өкімі;

8. Жоғары кеңестің «Еуразия экономикалық одағы аясындағы көрсетілетін қызметтердің жекелеген секторлары бойынша либерализациялау жоспарларын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» өкімі;

9. Жоғары кеңестің «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы хаттаманың 20-тармағы, 5-тармақшасына сәйкес ақпарат ұсыну туралы» өкімі;

10. Жоғары кеңестің «Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік ахуал және 2018 жылғы бәсекелестіктің жалпы тәртібі бұзылуының алдын алу жөнінде қабылданған шаралар Еуразия экономикалық комиссияның жылдық есебі туралы» өкімі;

11. Жоғары кеңестің «Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысын өткізілу уақыты мен орны туралы» өкімі;

12. 2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

13. Еуразия экономикалық одағына мүше-мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік баж салығының кіріс сомасын бөлу туралы хаттама;

14. Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі мүшелерінің бірлескен мәлімдемесі;

15. 2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаларға қол қою туралы;

16. 2017 жылдың 11 сәуіріндегі Еуразия экономикалық одағының Кеден кодексі жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

17. Еуразия экономикалық одағының кеден аумағына енетін тауарларды бақылау механизмдері туралы келісім;

18. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одағы туралы шартты, Еуразия экономикалық одағының құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразия экономикалық одағы органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттама.

Еске салайық, 29 мамыр күні Нұр-Сұлтанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия интеграциясы идеясының 25 және Еуразия экономикалық одағы жөніндегі шарттың 5 жылдығына арналған Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтті. Шараға Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Молдова, Тәжікстан басшылары мен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қатысты. Кеңес отырысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы атағы берілді.