Марк Цукерберг медицинаны дамытуға 3 млрд доллар аударады

Цукербергтер отбасының медицина саласын жетілдіруге аударған ақшасын игеру Кори Баргманнға (Cori Bargmann) жүктелді. Ол неврология мен генетика саласының маманы.

Бұл бастаманың алғашқы жобасы Biohub деп аталады. Ол Стэнфорд, Калифорния университеті, Беркли мен өзге де ұйымдардың инженерлері мен ғалымдарының басын біріктіретін зерттеу орталығы. Chan Zuckerberg Initiative аталған жобаға 600 млн доллар құяды.

«Соңғы жүз жылда орташа өмір сүру жасы ширек ғасырға өсті. Егер медицинаны одан әрі дамыта түссек, осы ғасырдың аяғында бұл көрсеткішті 100 жасқа дейін ұзартуға болады. Бүгінде адамдар соңы өлімге апаратын төрт аурудан қатты зардап шегіп отыр. Біз технологияларды дұрыс пайдалана алсақ, олармен күресе аламыз»,-деп жазды Цукерберг өз парақшасында.

Ол бұл технологияларды дамыту мен қажетті құрылғыларды жасауға біраз жыл кетуі мүмкін екенін атап өтті, алайда бастаманың негізгі мақсаты — ертеңгі ұрпақтың аурусыз болашағын қамтамасыз ету.