FlyArystan жолаушыларға 100 мыңнан астам билетті сатты

Компанияның PR-әлеуметтік желі менеджері Ләззат Нәбиеваның хабарлауынша, билеттердің 35%-ы бүгінге дейін орындалған сапарлар болса, жолаушылардың қалған 65%-ы ұшуды жақын арада жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта билеттер сатылымы осы жылдың 26 қазанына дейін ашық, сол себепті компания қазақстандықтарға ұшуды алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек броньдауға кеңес береді.

Билеттердің жартысынан астамы ең төменгі тарифтермен, яғни билет құны 10 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылғанын айта кеткен жөн. Рейстердің уақытылы орындалу көрсеткіші 92%, ал әуе кемелерінің жүктеме коэфиценті 93% болды.

Жерлестеріміздің әлдеқайда жиірек ұша бастап, сапарларын бірнеше ай бұрын жоспарлай бастағаны — өте қуантарлық жайт. Төмен баға әсерінен көптеген адам пойыз бен автокөліктерін тастап, жайлы ұшаққа ауысты. Осы себептен біз 30 мамырда  Павлодар мен Шымкентке алғаш рет орындалатын рейстерді асыға күтеміз және бұл рейстерді нық толтыруға әзірміз, себебі бұл билеттер бірінші күннен бастап жылдам сатыла бастағанын атап кеткен жөн. Билеттерді Flyarystan.com сайтынан броньдауға болады, — дейді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының қызмет көрсету сапасын Skytrax World Airline Awards 4 жұлдызға бағалаған. Ол Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп есептелетін Air Astana ұлттық әуе компаниясының бөлімшесі.

FlyArystan әуе флотының орта жасы — 6 жыл,  180 орны бар 4  Airbus 320-232 ұшағынан тұрады.

2022 жылға қарай парктегі әуе кемелерінің санын 15-ке дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

Еске салайық, 1 мамыр күні Fly Arystan лоукостері алғашқы рейсін жасады. Жолаушылар Алматы — Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан — Алматы және Алматы — Тараз бағыттарына қатынады.