Наурыз мерекесі аясында Алматыдағы «Атакент» алаңының алдындағы Тиіннің жанында жылдың ең жарқын оқиғасы өтеді! Қаланың жаңа символына айналған әлемдегі ең үлкен Тиін Nowryz Party отбасылық көктемгі фестиваліне қонақтарды қайта жинайды.

Өтетін орны — Алматыдағы Тиіннің (Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысы) жанындағы алаң.

Фестивальдің өтетін уақыты — 11.00-ден 20.00-ге дейін

Фестивальге орай Тиін өз имиджін өзгертеді: оның басында жарқыраған тақия пайда болады, ал жаңғақтың орнына ол қызғалдақты ұстайды. Оның жанына киізүй орнатылады, онда бауырсақтан ауыз тиіп, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнауды үйренесіз, ұлттық зергерлік әшекейлер немесе киіз бұйымдарын жасауда мүмкіндіктеріңізді сынап көруіңізге болады. Рекреация аймақтары картон киізүй жасау мен оны безендіруге арналған мастер-кластарға шақырады.

Сәуле Дүйсембинаның «Сәукеле» авторлық арт-объектісі фестивальдің ерекше декоратив элементі болады.

Мерекенің кестесі

11.00 — 11.10 «Бірге болсын» фестивальдің ашылуы

11.10 — 12.30 Dj Light Monday

12.30 — 12.45 «Жан дауыс» балалардың вокал студиясы

12.45 — 13.00 «Атман» ұлттық аспаптар ансамблі + Triada Tribal Dance

13.00 — 14.30 Dj Arsen Superfly

14.30 — 16.00 Dj Нариман Исенов

16.00 — 16.30 Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі

16.30 — 17.30 №1 Импровизация театры

17.30 — 18.00 «Түрлі-түсті таспа» флешмобы

18.00 — 19.30 Zumba (r) Masterclass

19.30 — 20.00 Фаер-шоу

12.00 — 17.00 Ұлттық ойындар

11.00 — 18.00 Мастер-кластар сферасы (киізүй, балаларға арналған этномастер-кластары, музыкалық этноаспаптар)

13.00 — 15.00 Картоннан киізүй безендіру мастер-кластары 

11.00 — 18.00 Моноциклдар, унициклдар

11.00 — 18.00 Кемпинг, жәрмеңке, фудкорт, «Тілектердің тотемдік жұлдыз-жорамалы» флешмобы 

11.00 — 18.00 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясынан мастер класс (көктемгі ағаш, батик, ұлттық баскиім)

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен меймандарын мерекелік шараға қонақ болуға шақырады!

Фестивальді Funk креатив агенттігі Алматы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Ақпараттық демеушілер: Baribar.kz ақпараттық-танымдық порталы мен «Курсив» іскерлік порталы.

Nowryz Party-дің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

Facebook: Art Energy Almaty – https://www.facebook.com/artenergyalmaty

Instagram:@artenergykz – https://www.instagram.com/artenergykz

Барлық қосымша сұрақты жобаның кураторына қоюға болады: Алеся Нугаева — +7 707 700 82 58