The Spirit of Astana 2017 фестивалі Астанада алғаш рет өтеді

Tengri FM Ұлттық қазақстандық радиостанциясымен 2012 жылы бекітілген мультимәдениетті жоба қазақ жерінде қазіргі заманғы этникалық музыка өнерінің жарқын өкілдерінің басын қосып, қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлы Дала халқының және әлемнің мұрасымен таныстырады. Астанадағы фестиваль қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Екі күн бойы қонақтар жарықтық музыкалық шоу тамашалайды. Сахна төрінде Африка, АҚШ, Македония, Грузия, Венгрия, Ресей, Қазақстан, Башқұртстан, Бурятия, Тува және басқа да мемлекеттерден келген 14 музыкалық ұжым өз өнерлерін ортаға салады. Сахнадағы іс-қимылдар алаңның кез келген бөлігінен көрінетін болады. Ал сахнаның жан жағында үлкен Led-экрандар тұрады, осылайша көрермендер шоудың барлық элементтерін тамашалай алады.

Қазақстаннан шараға Tigrahaud, Drums of Almaty этно-рок-тобы, қазақстандық сахна мэтрлері Edil Khusainov and Satzhan Project, Nariman Issenov, Roman Bazhanov, Rustam Ospanoff, Arsen SuperFly диджейлер қатысады.

Сонымен қоса бағдарламада орыс халық шығармашылығының туындылары, башқұрт халқының дәстүрлі музыкасы шырқалып, көмеймен ән айту өнерінің шеберлері өнерлерін ортаға салады және тағы да басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлі әуендері көрерменге ұсынылады.

Фестивальдің шарықтау шегі – шеберлердің этникалық қалашығы болмақ, онда қолдан жасалған кәдесыйларды, музыкалық аспаптарды, киімдерді көруге және сатып алуға болады. Қонақтарға ыңғайлы болуы үшін қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылады.