көйлек
Фото: lookatme.ru

Нейробиологтардың айтуынша, көйлектің түсі әркімнің физиологиялық айырмашылығына байланысты әртүрлі көреді. Адамның көз торы сауытша және таяқша фоторецепторларынан тұрады. Жарық көз фоторецепторларына әртүрлі түседі. Сондықтан көз торында қай фоторецептор көп болса, соған байланысты түс те ажыратылады. Кей адамның көз торында сауытша фоторецепторы көп болса, бірінде таяқша көп. Сондықтан адамдар затты әртүрлі түсте көреді. Мамандардың айтуынша, 30-40 минуттан кейін қараңғы бөлмеден шығып, суретті қайта қарағанда бастапқыда көрген түс емес, басқасы көрінеді. Бұл бір фоторецептордың уақытша іркілуінен болады екен. Ол кейін қалпына келеді.

Көйлектің суретін Photoshop редакторымен тексергенде адамның көзі бір түсті елемей тұрғаны байқалған. Мысалы, суреттен қара мен көк түсті көргендер сары реңкті, ал ақ пен сарыны көргендер көк түсті елемеген.  Сарапшылардың айтуынша, көйлекте бірнеше түс жасырылған. Кейін сурет авторы көйлектің нағыз түсі қара мен көк болғанын айтты.

Мамандардың айтуынша, адамдарда мұндай жағдай үнемі болады. Бірақ олар байқай бермейді.

Facebook қолданушысы Николь Култхард аяқкиімнің суретін жариялады. Онда да желі қолданушыларының жартысы сұр мен көгілдір түс, басқалары ақ пен қызғылт түс көргенін айтып, екіге бөлінген еді. Оның нағыз түсі — ақ пен қызғылт.

аяқ киім
Фото Facebook қолданушысының парақшасынан алынды

[totalpoll id=»102144″]

 

Әлеуметтік желі қолданушылары сөз таластырған суреттердің бірі — осы жиһаз. Оны біреулер қызғылт-ақ түсте, енді бірі сұр-көгілдір түсте көреді.

комод
Фото: Reddit.com

Бұл суреттегі дәрінің түсі біреулерге көк пен қызыл, кейбіріне екеуі де сұр болып көрінеді. Олардың нағыз түсі — сұр.

Фото Facebook желісінен алынды