River Hall мейрамханасы
Мекенжайы: «Көктем-2» ықшамауданы, 11/3
Мейрамханада намазхана, балаларға арналған алаң және оларға бөлек мәзір де бар.
Ауызашар мәзірінің бағасы — 3500 теңге;
Ауызашар мәзірі аптаның әр күнінде әртүрлі болады. Оның тізіміне салат, сорпа, ыстық тағам, шырындар кіреді.
«Пугасов» мейрамханасы
Мекенжайы: Ришат және Мүсілім Абдуллиндер көшесі, 70
Ғимарат — XIX ғасырдан жеткен сәулет ескерткіші. Жазғы, балаларға арналған алаңдар, топчан, террасалары бар.
Ауызашар мәзірін таңдауға мүмкіндік бар.
Мәзір бағасы — бір адамға 3400, 5000 және 6000 теңге (12 адамға арналған үстел).
Sancak мейрамханасы
Мекенжайы: Жібек жолы көшесі, 15
Sancak мейрамханасы. Фото: Restolife.kz
Мейрамхана ауызашар мәзірін швед үстелі форматында ұсынады. 5 жасқа дейінгі балаларға тегін. Ғимаратта намазхана да бар.
Ауызашар мәзірінің бағасы — 5500 теңге.
Мәзірде екі түрлі салат, бес түрлі ыстық тағам, жеміс-жидек, десерт, шырындар, бал, сарымай, құрма, зәйтүн, сүзбе, ірімшік бар.
Grand Metropol салтанат сарайы
Мекенжайы: Мұқағали Мақатаев көшесі, 139
Ауызашар мәзірінің бағасы — 5000 теңге. Мәзірде мыналар бар:
- бешбармақ немесе палау;
- сорпалар: жасымық, сорпа, лапша
- ет және көкөніс ассортиі;
- Үш түрлі салат;
- нан, бауырсақтар;
- шай, компот, су;
- құрма, кәмпит, құрт, ірімшік;
- жеміс-жидек.
Panorama банкет залы
Мекенжайы: Қоңыр көшесі, 18
Panorama қонақтарына ауызашардың екі түрлі мәзірін ұсынады. Олардың тізіміне салқын тіскебасарлар, түрлі салат, бірінші және екінші ыстық тағам, бауырсақ, самса, нан, десерт кіреді. Шай, суды қалауыңызша алуыңызға болады.
Ауызашар мәзірінің бағалары — 3800, 4800 теңге.
«Алаша» мейрамханасы
Мекенжайы: Оспанов көшесі, 20
Мейрамханада ауызашар мәзірі күнделікті өзгереді. Барлық қонаққа су мен құрма тегін беріледі. Ауызашар уақытында бөлек зал ашылады. Балаларға арналған ойын алаңы, бөлек үстелдер бар.
Ауызашар мәзірінің бағасы — 5 000 теңге.