Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

OPPO жаңа Reno смартфонын таныстырды

Reno сериясының басты ерекшелігі — айналмалы камера, қуатты, 10 еселенген гибрид зумы және өзгеше дизайны. Таныстырылым кешін брендтің маркетинг және даму басшысы Ботагөз Карибаева ашты. Оның айтуынша, Reno сөзі нақты мағына бермейді, бірақ креаторлардың еркін рухын сипаттайды. Бірқатар суретші reno сөзін жеке түсініктері бойынша өнер туындысына да айналдырған екен.

OPPO жаңа Reno смартфонын таныстырды
OPPO компаниясының маркетинг және даму басшысы Ботагөз Карибаева

Көз тартар дизайн

OPPO-ның PR менеджері Виталий Богданов Reno және Reno 10x Zoom атты екі телефонның ерекшелігін бүге-шүгесіне дейін сипаттап берді. Дәл бүгін сатылымға түсетін серия екі түрлі реңкпен шығады: ocean green және jet black. Құрастырушылар дизайнға барынша көңіл бөліп, симметрия мен балансты алға тартыпты. Смартфондардың артқы бөлігінде шығыңқы бөлшектер жоқ, теп-тегіс.

OPPO жаңа Reno смартфонын таныстырды
OPPO компаниясының PR менеджері Виталий Богданов
OPPO жаңа Reno смартфонын таныстырды
Блогерлер жаңа смартфонды тексеріп жатыр

Басты ерекшелік

Смартфонның экраны өте үлкен, қолдану аймағы 93,1%, яғни барынша қолданыста. Осыған қарап, сонда фронтал камерасы қайда деген сұрақ туады. Сөйтсек, ең басты ерекшелік те осында жасырылған екен. Тұтынушы селфи жасағысы келсе, экранның үстіңгі бөлігінен 0,8 секундта фронтал камера, динамик және вспышка атып шығады. Мұндай механизмі бар Reno — әлемдегі жалғыз смартфон.

OPPO жаңа Reno смартфонын таныстырды
Фронтал камера
OPPO жаңа Reno смартфонын таныстырды
Таныстырылым қонағы

Фотоөнер

OPPO компаниясы смартфондарының фото түсіру функциясын әрдайым дамытып, келесі сатыға көтеріп отырады. Бұл тарапта Reno да қалыспады. Reno 10x Zoom моделінде үш бірдей камера орнатылған. Жоғары форматтағы 48-мегапиксель сенсоры, 8-мегапиксель кеңбұрышты объектив және телеобъективі бар 13-мегапиксель камералары. Сонымен бірге Ultra-Night Mode 2.0 түнгі режим мен 4K видео түсіру және Audio Focus дыбысты 360 градуста жазу мүмкіндіктері қосылған.

OPPO жаңа Reno смартфонын таныстырды
Тимур Балымбетов

OPPO компаниясының коммерциялық директоры Виктор Чжанның айтуынша, дәл бүгін сатылымға тек Reno моделі түседі, оның бағасы — 249 990 теңге. Ал бір айдан кейін сатылымға шығатын Reno 10x Zoom-ның бағасы 399 990 теңге болады.

OPPO жаңа Reno смартфонын таныстырды
OPPO компаниясының коммерциялық директоры Виктор Чжан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *