Polytechnic University of Milan – Милан, Италия
Дедлайн — 23 мамыр, 2019 жыл
Милан техникалық университеті — Италиядағы ең ірі университет. Мұнда шамамен 40 000 студент оқиды. Top Universities рейтингісі бойынша 2011 жылы әлем бойынша 48-орынды иеленген.
Master of Science дәрежесіне теңестірілген Laurea Magistrale дәрежесі магистратурада екі жыл оқып, тәмамдағаннан кейін беріледі.
Университетте ағылшын және итальян тілінде білім алуға болады.
Laurea Magistrale бағдарламасының біріне түскен студенттерге 3 түрлі стипендия тағайындалады:
- Платина. Жылына 10 000 евро. Стипендия университет кампусында тұруға төленеді, қалған бөлігі (салық шегерімінен кейін) студентке жеке шығындары үшін қолма-қол күйінде беріледі. Студент тек әкімшілік алымдарды төлеуі қажет.
- Алтын. Жылына 5 000 евро. Стипендия университет кампусында тұруға төленеді, қалған бөлігі (салық шегерімінен кейін) жеке шығындары үшін қолма-қол күйінде беріледі. Студент тек әкімшілік алымдарды төлеуі қажет.
- Күміс. Оқу ақысын толық төлейді, студент тек әкімшілік алымдарға қаржы шығарады. Университет 100 күміс стипендия ұсынады.
Талаптары:
- бакалавр дәрежесі болуы қажет, дипломдағы квалификация магистратураға тапсыратын мамандығымен байланысты болуы тиіс;
- бакалаврда оқитын студенттер де құжат тапсыра алады. Егер бакалавр дәрежесін шілде айының соңында алатын болса, магистратураның бірінші семестріне тапсыра алады (оқу қазан айында басталады). Егер бакалавр дәрежесін желтоқсан айында алса, магистратураның екінші семестріне өте алады (оқу наурыз айында басталады);
- бакалаврда оқыған негізгі пәндер магистратураның бағдарламасына сай болуы қажет;
- итальян (В1) немесе ағылшын тілін меңгергені туралы сертификат (TOEFL: CBT -210 / IBT – 78 / PBT- 547 (TOEFL коды – 9795). TOEIC (тек тыңдалым мен оқылым) – 720. IELTS (Academic) – 6. Cambridge: Proficiency – C / Advanced – C / First – B. TRINITY COLLEGE: ISE II) болуы тиіс.
Ресми сайтынан толығырақ біле аласыз.
Kyushu University — Фукуока, Жапония
Дедлайн — 31 мамыр, 2019 жыл
Кюсю университеті (Kyushu University) — Кюсю аралындағы ірі оқу орындарының бірі, Фукуокада орналасқан. Жапониядағы ең көне университеттің қатарында. 2010 жылы QS World University Rankings рейтингсінде әлем бойынша 153-орынды және Азия бойынша 17-орынды алған.
Университет шетелдік студенттерге бакалавр және магистратура стипендиясын ұсынады.
Стипендия
- Жолақысы. Оған 100 000 иена бөлінеді. Екі бағытқа да эконом-класқа ұшақ билетінің құны төленеді.
- Ай сайын берілетін стипендия. Бакалавр студенттеріне 80 000 иена, магистранттарға 100 000 иена төленеді.
Университет жылына 5 стипендия бөледі. Кюсю университетінде 2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін болады.
Талаптары:
- стипендияны Жапониянікінен басқа университеттерде оқитын студенттер ала алады;
- студент өз университетінде үш айдан кем емес және 12 айдан көп емес ай оқыған болуы керек. Егер Double Degree Program бағдарламасына тапсырса, өтініш берген уақытта университетінде 12 айдан көп оқыса да болады;
- студент Кюсю университетінің бір мектебіне студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша қабылдануы керек;
- ағылшын тілін жетік меңгерген болуы қажет.
Стипендияны алу жолдары:
- Кюсю университетіне түскен кезде бағыт беретін ғылыми жетекшіні таңдайды;
- жетекшімен электрон пошта арқылы байланысып, ресми емес келісімін алады;
- қажет құжаттарды толтырып, оларды жетекшіге поштамен жолдайды;
- жетекші құжаттарды дайындап, студентпен бірге бағдарламаға тапсырады;
- комиссия құжаттарды қарап, шешім шығарады, нәтижесін жетекші мен студентке жолдайды.
Құжаттар:
- өтініш (ресми сайтынан үлгісін жүктеп алыңыз);
- эссе: «Жоспарымды орындауыма Кюсю университеті маған не бере алады?»;
- Кюсю университетінде жүргізетін зерттеудің тақырыбы мен жоспары (көлемі 1 беттен аспауы қажет);
- ұсынысхат (бланкті ресми сайттан жүктеп алыңыз);
- оқу үлгерімінің ресми көшірмесі (ағылшын тілінде);
- ағылшын тілін меңгергені туралы сертификат.
Ресми сайтынан толығырақ біле аласыз.